Шымкенттік тәртіп сақшылар оқушыларға сабақ өтті

Қаратау ауданы полиция басқармасының ЖПҚБ Ювеналды полиция қызметкерлері қаладағы №58 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәріс оқыды.

Онда оқушылардың сабаққа толығымен қатысуын және түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында ойынханалар, мешіттер, көңіл көтеретін орындарға рейд жүргізілетіні туралы айтылды.

Жасөспірім балалардың туыстарына айтпай, үйден жыраққа шығып кету жайттарының соңы баланың жоғалуына әкеп соғатыны туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ оқушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап берілді. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий