Сингапурда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің құрметіне орхидея гүлінің жаңа түрін атады.
Сейсенбі, 17 қаңтарда Шавкат Мирзияевтің Сингапурге ресми сапары аясында осы елдің президенті Халима Якуб пен премьер-министр Ли Сянь Лунмен кездесуі өтті.
Өзбек-сингапур саммиті Сингапур президентінің «Истана» сарайында болды. Құрметті қонақты мемлекеттік деңгейде күтіп алу және ресми кездесуден кейін, Шавкат Мирзияевтің құрметіне орхидея гүлінің жаңа түрін атау рәсімі өтті. Орхидея гүлі — Сингапурдың ұлттық белгісі. Шавкат Мирзияевтің атымен аталатын гүл Encbi Purple және Kila Blue орхидеясының буданынан пайда болған.
Өзбекстан президентінің сапары бастапқыда 3 күнге жоспарланған. Бірақ еліндегі энергетикалық дағдарысқа байланысты бір күнге созылды.