Сириядағы адам сүйекгі салынған қаптар. Фото: Азаттық
Қоршаудағы аудандар тұрғындары әуе шабуылы салдарынан қаза тапқандарды тұрып жатқан үйлерінің ауласына қоюға мәжбүр. Қаладағы дәрігерлер Алепподағы мәйітханаларда да бос орын қалмағанын мәлімдеген. Жергілікті билік қаза болғандарды жаппай жерлеуге келісім беруге әзір екенін айтқанымен оған қажетті техникалары жоқ.
Адам құқығы жағдайына мониторинг жүргізетін сириялық орталықтың ақпараты бойынша, үкімет армиясы Алеппоның шығыс бөлігінде көтерілісшілерге қарсы шабуыл бастаған қарашаның 15-інен бері қаза тапқан 300-ден аса адамның 40-тан астамы – балалар. Соңғы үш аптада президент Башар Асадтың әскери күштері Алеппоның шығыс бөлігінде қарулы көтерілісшілер бақылауында болған аумақтың 60 пайызға жуығын өзіне қаратқан.
Сирияда азамат соғысы басталғалы бері Алеппо қаласының батыс аймағы үкімет күштерінің, шығыс бөлігі – көтерілісшілер бақылауында болған еді. Асад армиясы көлемі жағынан елдегі екінші ірі қалаға толық бақылау орнатуды көздейді.