Өскеменде темекі сұраған ер адамды жауыздықпен өлтіріп кеткен

Темекі сұрамақ болған ер адам қатыгездікпен өлтірілген.

Өскеменде бір топ мас жігіт темекі сұрамақ болған ер адамды аяусыз өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға түн ішінде қала аулаларының бірінде болған. Қылмысқа қатысы бар жігіттер мен жәбірленуші де мас болыпты.

Ер адам үйінің жанында темекі тартып тұрған жігіттерге жақындап, шылым сұрайды. Олар бермеген соң, арты жанжалға айналып, салдарын ер адам басынан бордюр сынығымен екі рет соққы алып, көз жұмған. Оқиғадан кейін екі жігіт қашып кетпек болыпты.

Оқиғаны сол топтың ішінде болған куәгер баяндап, күдіктілердің қайда болуы мүмкін екенін айтқан.

Аса қатыгездікпен кісі өлтірген Өскемен тұрғыны сотта айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий