Өскеменде жүріп бара жатқан автобус кенеттен өртеніп кеткен (фото)

Фото: kazdala.kz

Өскемен қаласындағы Сәтбаев даңғылының бойында оқыс оқиға болды. Жол бойында кетіп бара жатқан маршруттық автобустан кенеттен өрт шығып, түгі қалмай жанып кетті деп хабарлайды YK-avto.kz сайтына сілтеме жасай отырып KazDala.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Қытайда шығарылған маршруттық автобус жүріп бара жатып, өз-өзінен от шығып, жана бастаған. Оны жүргізушісі жолдан бұрып, нейтралды жолаққа шығарып үлгеріпті.

Қоғамдық көлік дымы қалмай жанып кеткен.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан шұғыл қызмет жұмысшылары мәселенің мән-жайын әлі ашып айта қоймапты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий