Сексуалды зорлық. Көрнекі фото: vb.kg
Өскеменде кәмелетке толмаған ер бала подъезде бойжеткенге тап беріп, оны зорламақ болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бойжеткен зорлаушыдан қашып құтыла алған. Ал полицейлер оқушыны ізін суытпай құрықтады.
Бұл жайт 14 қазан күні болған. Жас жігіт өзінен әлдеқайда ересек бойжеткенді зорламақ болған. Болжамдардың біріне сәйкес, ол қыздың басына ұялы телефонды тақап, қару кезенгендей кейіп танытқан.
Кейін оны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлей бастаған. Алайда полицейлер бұл болжамды растамады.
«Кәмелетке толмаған жігіт құрықталды. Оның қандай да бір затпен бойжеткенге қоқан-лоққы көрсетті дегені шындыққа жанаспайды. Соталды тергеу жүргізілуде», — дейді ІІД өкілі.
Расталмаған мәліметке сәйкес, зардап шегуші әлеуетті мекеме қызметкерлерінің бірі.