Соғыстың жеті күнінде 830 мың украин босып кетті, 2 мың бейбіт тұрғын опат болды

Ресейдің Украинадағы басқыншылығының жеті күнінде 830 мың украин босқын атанды, деп мәлімдеді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Шабиа Манту.

Украина төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, соғыстың жеті күнінде шамамен 2 мың украин азаматы ресейлік жауынгерлер оғынан опат болды.

Украина омбудсменінің мәлімдеуінше, соғыста кәмелет жасқа толмаған 21 адам қаза тапты, 55 бала жараланды.

Ресейдің қорғаныс министрлігі соғыс басталғалы алғаш рет адам шығыны туралы мәлімет таратты. Министрліктің мәліметінше, соғыста 498 адам қаза тапты, 1597 адам жараланды.

Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей соғыста шамамен алты мың адамынан айрылды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий