Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Украинадан эвакуацияланған өзбекстандық азаматтар 1 наурызда түстен кейін Польшаның Катовице қаласынан Ташкентке ұшқанын хабарлады
Ұшақта 253 Өзбекстан азаматы – 68 әйел, 54 бала және 12 сәби бар.
Осымен Польша арқылы Украина аймағынан шығарылған өзбекстандықтар саны 762адамды құрады. Өзбекстан сыртқы істер министрлігі тағы да ұшақ жіберетінін хабарлады.
«Корчова» бақылау өткізу бекетінде Өзбекстанның азаматтары келіп жатыр. СІМ өкілі олар жақын арада еліне қайтарылады деді.