Солтүстік Корея атмосферада ядролық жарылыс имитациясын жасағанын мәлімдеді

Солтүстік Корея «Жер-жер» класындағы тактикалық баллистикалық зымыран қолданып, ядролық жарылыс имитациясын жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметіне қарағанда, жарылыс Пхеньянның шығыс жағында болған. Шартты нысана ретінде Хамгён-Пукто провинциясының теңіз жағалауы көзделген. Ядролық жарылыс имитациясы 500 метр биікте жасалған.

Жапония қорғаныс министрлігі Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран атты деп хабарлағанын Kyodo атап өткен. Зымырандар 350 шақырымға дейін, максимум 50 шақырым биікте ұшқан.

Жыл басынан бері Солтүстік Корея осымен онынша рет зымыран ұшырып отыр. Оның сегізі — баллистикалық зымыран.

  • 2022 жылы Солтүстік Корея өте қашыққа ұшатын барлығы 70 зымыран ұшырған. Осы жаттығулар кезінде Пхеньян Жапония мен Оңтүстік Кореяға қарай ұдайы зымыран атқылаған.
  • Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран мен ядролық қару бағдарламасына тыйым салған. Алайда Пхеньян мұндай қару-жарақ «Вашингтон мен оның одақтастарының қаскөй саясатына қарсы пайдалану үшін керек» деп санайды.
  • Биыл қаңтардың соңында АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлері бірлескен жаттығу бағдарламасын ұлғайта түсуге уағдаласқан. Екі тарап F-22, F-35 жойғыш ұшақтары мен ядролық қозғалтқышпен жүретін авиакеме жеткізіп, аймақтағы АҚШ-тың ықпалын күшейте түскісі келеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий