21 қарашада Қырғызстанның Жалалабад облысы Созақ ауданы Сасық бұлақ ауылында кісі қолынан қаза тапқан қыздың тұрғындары жолды жапты.
Азаттық тілшісі хабарлағандай, акцияға кемінде 50 адам қатысқан.
Акцияға қатысушылар күдіктіні өмір бойы түрме жазасына кесуді және оның отбасын көшіріп жіберуді талап етті.
Жиналғандар билік назарын аудару үшін Бішкек- Ош тас жолын жапты.
Қайғылы оқиға 8 қарашада Ноокен ауылында болған. Милиция мәліметінше, 19 жастағы қыздың денесі табылып, күдікті ретінде 58 жастағы ер адам ұсталған. Күдікті осыған дейін адам зорлау бабы бойынша түрмеде отырып шыққан екен.