Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің бір топ студенті бұрынғы президент Асқар Ақаевтың дәріс беруіне қарсы шықты.
21 мамырда олар жоғары оқу орны ректорына атына үндеу жолдап, оның мәтінін әлеуметтік желілерде жариялады.
Студенттердің бірі Элхан Алыбаевтың пікірінше, «Ақаевтың кезінде болашағын ұрлаған жастар алдында дәріс оқуы — мазақ сияқты көрінеді».
Университет ректораты даулы мәселеге қатысты әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ.
Бұрынғы президент Асқар Ақаев пен оның әйелі Майрам Ақаева 18 мамырда Қырғызстанға келгені мәлім болды. Ақаев техникалық университет пен ғылым академиясында дәріс беруді көздеген.
Асқар Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған. 2005 жылғы 24 наурызда ол «қылғаздақ төңкерісі» кезінде Қырғызстанды тастап, Мәскеуге ұшып кетті. Кейін Ақаев президент қызметінен бас тартты.
2021 жылы Асқар Ақаев Қырғызстанға екі мәрте келіп, арнайы қызметтің «Құмтөр ісіне» қатысты тергеуіне қатысты.
2023 жылғы қаңтарда бұрынғы президент Асқар Ақаевқа қарсы қылмыстық іс мерзімі өтіп кетуіне байланысты тоқтатылғаны хабарланды.