Фото: Виктория Одинцованы Instagram парақшасынна алынды
Дубай полициясы биік ғимарат басында түсірілген экстремалды бейнежазбадан соң ресейлік модель Виктория Одинцованы шақыртып, өміріне қауіп төндірмеу туралы міндеттемеге қол қоюды талап етті.
Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Жақында 23 жастағы модель Instagram желісіне экстремалды бейнеролик жариялады, онда жас қыз 73 қабатты ғимараттың бетон плитасына шығып, бірнеше трюктер жасады. Тіпті плитадан түсіп, қасындағы жігіттің қолынан ұстап, төман қарай салбырап тұрған.
«Ресейлік әйелдің жасағаны оның өміріне үлкен қауіп төндіреді», — деді полиция генерал-майоры Халил Ибрагим әл-Мансури.
Оның айтуынша, бұл жайттан кейін ресейлік қыз полицияға шақыртылып, «Дубайда өміріне қауіп төндіретін қандай да бір әрекет жасамау» туралы құжатқа қол қойған.