Сурет үшін 73 қабатта трюк жасаған ресейлік қыз полицияны шошытты (фото, видео)

Фото: Виктория Одинцованы Instagram парақшасынна алынды

Дубай полициясы биік ғимарат басында түсірілген экстремалды бейнежазбадан соң ресейлік модель Виктория Одинцованы шақыртып, өміріне қауіп төндірмеу туралы міндеттемеге қол қоюды талап етті.

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жақында 23 жастағы модель Instagram желісіне экстремалды бейнеролик жариялады, онда жас қыз 73 қабатты ғимараттың бетон плитасына шығып, бірнеше трюктер жасады. Тіпті плитадан түсіп, қасындағы жігіттің қолынан ұстап, төман қарай салбырап тұрған.

«Ресейлік әйелдің жасағаны оның өміріне үлкен қауіп төндіреді», — деді полиция генерал-майоры Халил Ибрагим әл-Мансури.

Оның айтуынша, бұл жайттан кейін ресейлік қыз полицияға шақыртылып, «Дубайда өміріне қауіп төндіретін қандай да бір әрекет жасамау» туралы құжатқа қол қойған.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий