Сықырлаған аязда жаздық киіммен жүретін әйел жұртты таң қалдырды

Фото: fishki.net

Тольяттиде Галина есімді ерекше әйел тұрады. Оның жұрттан ерекшелігі — әйелдің қақаған қыстың суғында жаздық киіммен жүретінінде деп хабарлайды NUR.KZ.

Галинаның айтуынша, өзі тіпті суықты сезбейді екен. Осылайша, ол аурулармен күреседі. Ал бұқаралық ақпарат құралдары болса бойжеткенді нағыз Ақшақар деп атап кеткен.

Фото: fishki.net

Галина Кутерепова қыстың суығына қарамастан тек жеңіл киіммен жүретініне 10 жылдан астам уақыт болған. Ол желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп отырады. Галина қыста жаздық киміммен серуендеп жүрген суреттерін желіге жиі салып тұрады.

Фото: fishki.net

«Кейбір адамдар менің жаздық аяқ киіммен жүргенімді қарап бірден назар аударады. Олардың ойынша менің аяғым тоңады, алайда тіпті олай емес. Керісінше менің осыдан кейін есту қабілетім жақсарып, көзім жақсы көріп, есту сақтау қабілетім де жақсарды», — дейді Галина.

Фото: fishki.net

Қазір Галинаның жасы 54-те. Алайда күйеуі мен бойжеткен қызы бар әйелді көріп, оны үнемі жас қызға теңеп жатады.

Фото: fishki.net

Галинаның күйеуі де онымен бірге ағзасын шынықтырады екен. Галинаның айтуынша, осылай шынығу арқылы күйеуі қатерлі ісікті өршуінен құтылған.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий