Түркімен атлеті тәуелсіз ел тарихында алғаш рет Олимпиада жүлдесіне ие болды

Ауыр атлетші Полина Гурьева Токиодағы Олимпиада ойындарында күміс жүлде алды. Бұл — тәуелсіз Түркіменстан тарихындағы алғашқы Олимпиада жүлдесі.

Ауыр атлетикада 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынаған Гурьева екі жаттығуға 217 келі (96+121) көтерді.

Алтын жүлдені Тайвань спортшысы Куо Син-Чжунь алды. Ол 236 кг (103+133) салмақты бағындырды. Қоланы жапон атлеті Микико Андо 214 кг (94+120) салмақпен жеңіп алды.

Токиодағы Олимпиада ойындарына тоғыз түркімен спортшысы қатысып жатыр. Олардың дені ауыр атлетика спортында бақ сынайды.

Тәуелсіз медиа мәліметіне қарағанда, түркімен делегациясын Олимпиадаға Түркіменстан президентінің ұлы, вице-премьер Сердар Бердымұхамедов бастап барды.

Тәуелсіз Түркіменстан тарихында түркімен атлеттері 30 жылда алғаш рет Олимпиада ойындарында жүлде алды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий