Түркімен билігі екпеден бас тартқандарға айыппұл салып жатыр

Туркменистан (иллюстративное фото)

Түркіменстанның Лебап уәлаятында коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандарға айыппұл салып, екпе құнын төлеттірген. Зейнеткерлерді зейнетақыдан айырамыз деп қорқытқан.

Облыстағы денсаулық үйлерінде бірнеше ай бойы халыққа екпе салу науқаны жүргізілді. Азаттық радиосы түркімен қызметінің Лебаптағы тілшісінің хабарлауынша, жүздеген азамат түрлі себептермен екпе салдырмаған.

Жергілікті билік енді солардың «ізіне түсіп», жазалау әдістерін қолдана бастады. Облыстағы бірнеше бюджет қызметкері мен зейнеткер тілшімен сөйлесті. Олардың айтуынша, мемлекеттік мекеме басшылары екпе алмағандарды жұмыстан шығарамыз деген. Лебап уәлаятының басшылығы мекеме жетекшілеріне ауызша тапсырма берген.

Отбасы дәрігерлері облыстық басқармаға екпе салдырудан бас тартқандардың тізімін берген. Ол тізімде екпеден бас тартқандарға 113 манат ($32,2) айыппұл салынатыны айтылған.

Тілшінің хабарлауынша, кешігіп екпе салдырғандар вакцина құнын төлеуге мәжбүр. Дәрігерлердің айтуынша, вакцина 300 манат тұрады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий