Түркімен полициясы «лайықсыз киім киді» деп екі келіншекті ұстаған

22 мамырда Түркіменстанның Мары қаласында «Мару-шаху Жахан» базары маңында «түркімен киіміне сәйкеспейтін, лайықсыз киім киді» деген айыппен екі әйелді ұстаған.

Әйелдерді полиция бөлімшесіне апарып, бірнеше сағат сұрау алған соң босатқан. Оларға «қоғамдық жерлерде лайықсыз киім киюге болмайды» деп ескерту жасаған. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Полиция бөлімшесінен шыққан екі келіншек сұрау кезінде бізге мәдениетті болуды үйрете тұрып, өздері әйелдерге қарата өте дөрекі сөздер айтты дейді.

Түркіменстанда тұрғындардың қандай киім киюуін ұсынатын арнайы заң не ереже жоқ. Дегенмен қазіргі президент әйелдерге шаш, тырнақ бояп, кірпік жалғатуға ауызша тыйым салған. Сонымен бірге елде азаматтардың ұлттық киімде жүруі міндеттелген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий