Түркімендер елден көшіп жатыр. Ресей елшілігі көшу рейсіне тіркеуді тоқтатты

Елшілік Түркіменстаннан көшетін адамдарға арналған рейстерге тіркеуді тоқтатты. Өйткені кезек күтіп тұрғандар саны 10 мыңнан асып кеткен. Олардың бәрінің құжаттары дайын. Ресейде тіркеуде тұрғандар мен орыс төлқұжаты барлар тізімге кезектен тыс қосылады.

Ресейдің Түркіменстандағы елшілігі Федерацияға көшкісі келетін түркіменстандықтардың тізімін жасауды тоқтатты. Осы тізім негізінде арнайы рейстер ұйымдастырылады. Бұл туралы Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісі хабарлады.

Тізімді тоқтату туралы шешім S7 компаниясы ұшақ жеткізе алмауына байланысты қабылданған. Оның үстіне Түркіменстаннан көшетіндерге арналған рейс ұйымдастыру компанияға тиімсіз. Өйткені Түркіменстаннан көшушілер көп те, Түркіменстанға барушылар жоқ.

Ресейге көшетін құжаттары дайын түркіменстандықтардың өзі 10 мыңнан асып кеткен.

Ресейде тіркеуде тұрғандар мен орыс төлқұжаты барларды мұндай рейстерге кезексіз енгізеді. Елшілік оларды бірінші кезекте көшіреді.

Азатлык тілшісінің айтуынша, Түркіменстаннан көшкісі келетіндердің нақты санын анықтау мүмкін емес.

Хельсинки қорының мәліметіне қарағанда, Ресейге көшкен түркіменстандықтар жыл сайын артып отыр.

2020 жылды Ресейге 21 680 түркіменстандық көшті. Биыл үш айда 1323 түркіменстандық Ресейге кетті.

Түркімен билігі 2012 жылы жүргізілген халық санағының нәтижесін әлі күнге дейін жарияламай отыр. Бұған қоса, билік экономикалық дағдарыс салдарынан халық саны күрт кемігенін мойындағысы келмейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий