Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Орталық Азия елдерінің басшылары саммитінде Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовпен кездесті.
Қырғыз президенті баспсөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары табиғи газ бен электр қуатын Түркіменстаннан тасымалдау мәселесін талқылаған. Сонымен бірге президенттер бұған дейінгі кездесуде қабылданған шешімдердің орындалуын пысықтады.
Еске салайық, президенттердің биыл маусым айындағы кездесуінде қырғыз-түркімен даму қорын құру, түркімен газы мен электр қуатын күз-қыс маусымында Қырғызстанға тасу туралы шешім қабылданған. Сол жолы барлығы 14 құжатқа қол қойылған.
Садыр Жапаров 5–6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының кездесуіне қатысып жатыр. Президенттердің жүздесуі Түркіменстанда ұйымдастырылды.