Түркіменстан Өзбекстанға тегін газ берді

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің тапсырмасымен көрші елге көмек ретінде берілген сұйық газ 19 ақпанда Өзбекстанға жетті. Бұл туралы «Худудгазтаминот» мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркіменстан көрші елге көмек ретінде 2 мың тонна сұйық газ жөнелтті. Көмектің 1000 тоннасы Қарақалпақстан халқына, қалған 1000 тоннасы Хорезм облысының тұрғындарына беріледі.

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ақпан айының басында энергетика дағдарысына тап болған Өзбекстанға көмек ретінде сұйық газ беруді тапсырды.

Бұның алдында Өзбекстан энергетика министрлігі бұл газ жағдайы жоқ отбасыларға тегін таратылатынын хабарлаған. Өзбек жағы көрші елге ризашылығын 20 «»жедел жәрдем» Volkswagen Caddy автокөліктерін беру арқылы білдірген.

Желтоқсан-қаңтар айларында Өзбекстан энергетикалық дағдарысқа тап болды. Бұған ауа райының күрт сууы, газ бен электр қуатына сұраныстың артуы себеп болды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий