Түркіменстан ауған босқындарын қабылдамай жатыр

Афганские беженцы на границе с Пакистаном

Түркіменстан Ауғанстаннан қашқан ауған әскерлері мен этникалық түркімендерді жібермей жатыр. Бұл жөнінде Азатлык (Азаттықтың түркімен қызметі) жергілікті әскери қызметкерлерге сілтеме жасап хабарлады.

Ал бұл уақытта Ауғанстанмен шекаралас елді-мекендердің тұрғындары үрейді бастан өткеріп жатыр.

«Койтендаг ауданының [Лебап] тұрғындары шекараның арғы бетіндегі атыстың даусынан үрейде өмір сүріп жатыр», — деп хабарлайды Азатлык тілшісі.

Ресми Ашғабад та Ауғанстанмен шекаралас маңда тұрған босқындар жайлы ешқандай мәлімет таратпай отыр.

Түркіменстан мен Ауғанстан арасындағы шекара қашықтығы — 800 км.

15 тамызда «Талибан» қозғалысы Кабулды басып алды. Ел президенті Ашраф Ғани қашып кетті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий