Түркіменстан экс-президентке арнап салынатын қалаға 5 млрд доллар бөлді

Түркіменстан Гурбангулы Бердімұхамедовке арнап қалаға 5 млрд доллар жұмсайды. Бұл жөнінде «Франция 24» телеканалы хабарлады.

Бұл сан 2020 жылы көрсетілген сомадан үш есеге көп.

Бірінші кезеңді жүзеге асыруға 3,3 млрд доллар, екінші кезеңде 1,5 млрд доллар жұмсалады деп мәлімдеді Түркіменстанның құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшысы Дерягелди Оразов.

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Түркіменстанның ЖІӨ 45 млрд долларға жетеді. Аркадағ қаласын салуға мемлекеттің жылдық табысының 10 пайызы жұмсалады екен. Мемлекетке бұл қаражат табиғи ресурстар экспортынан түседі.

Жаңа қала салу жөнінде 2019 жылы жарияланған болатын. Қазір түркімен халқы экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий