Түркіменстан халық санағына дайындалып жатыр

Түркіменстан билігі 2007 жылдан бері халық саны туралы ресми мәліметтерді жарияламай отыр.

Халық санағын жүргізу жөніндегі жоспар 11 ақпанда Халық Маслахатының кезектен тыс жиынында жарияланды. Статистика жөніндегі мемлекеттік комитет басшысы санаққа дайындық жүріп жатқанын айтты.

Ресми мәліметте 2021 жылдың аяғында цифрлық технология көмегімен халық санағын өткізу әдісі сыналғаны хабарланған. Бірақ мәліметте санақ нәтижелері көрсетілмеді.

Түркіменстан билігі 2006 жылы елде 6,7 миллионнан астам адам тұратынын жариялаған. Содан бері халық санына қатысты ресми мәлімет таратылмады. Гурбангұлы Бердымұхамедов билікке келген соң елде жаңа халық санағын жүргізуге уәде берген.

2012 жылғы желтоқсанға белгіленген санақ нәтижесін ешкім көрмеді.

Сарапшылар биліктің ресми мәліметті жасыруын елдегі демографиялық дағдарыспен түсіндіріп отыр. Кейбір бейресми деректерге қарағанда, Түркіменстанда 2,7 млн адам қалған болуы мүмкін. 2019 жылғы мамырдағы бір мәліметте он жылда Түркіменстаннан 1,9 млн адам көшіп кеткені айтылған. Бірақ түркімен билігі мұндай мәліметтерді жариялауды жөн деп таппаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий