Түркіменстанда 12 наурызда өткен мерзімінен бұрын президент сайлауында сайлаушылардың 97 пайыздан астамы дауыс берген. Осылай деп Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Мекеме мәліметіне қарағанда, елде ашылған 2600 сайлау учаскесі Ашғабад уақыты бойынша кешкі сағат 7-де жабылды. Қазір дауыс санау жүріп жатыр.
Сарапшылар бұл саяси науқан билікті авторитарлық президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің оның ұлы Сердарға өткеріп берудің формалды көрінісі ретінде бағалап жатыр.
Бюллетеньде президенттікке үміткер ретінде 40 жастағы президент ұлы Сердар Бердімұхамедовпен бірге белгісіз сегіз үміткердің есімі болды.
Үміткерлер арасында теледебаттар болмады.
Түркіменстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы халықаралық бақылаушылар тарабынан бері бірде-бір сайлау ашық әрі таза өтті деп танылған емес.
Сердар Бердімұхамедов 2021 жылы Министрлер кабинетінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін сыртқы істер министрінің орынбасары, Ахал провинциясының губернаторы және өнеркәсіп министрі секілді лауазымды қызметтерде істеген.