Түркіменстанда қатаң локдаун жарияланды

Түркіменстанда тағы да карантин шектеулері енгізілді. Базарлар, сауда орталықтары, мейрамханалар мен дүкендер жабылды, тек азық-түлік дүкендеріне ғана жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Сауда орталықтары, базарларлар, мейрамханалар мен дүкендер карантинге жабылғанын Ашғабат тұрғындары 15 қаңтарда таңертең ғана білді. Олар жаңа карантин шектеулері енгізілгенін сол кезде естіді.

«Мұндай болады деп күтпедік. Өйткені қаладағы орталықтар жұма күні кешке жұмыс істеп тұрған, ал сенбі күні бәрі жабылып қалды. Мекеме жұмысшылары да карантин жарияланғанын сенбі күні таңертең жұмысқа шыққанда білген. Жаңа шектеулер ақпанға дейін сақталады», — дейді астаналық бір тұрғын.

Елде театрлар мен концерт залдары да жабылып қалды.

15 қаңтарда карантин шектеулері Түркіменстанның басқа да аймақтарында жарияланғаны мәлім болды.

«Аймақтар да толық жабылды. Мары уәлаятына кіру-шығу шектелді. Тұғындардың айтуынша, карантин сылтау ғана, билік көтерілістен қорқып отыр», — дейді Мары уәлаятының бір тұрғыны.

Түркіменстан билігі әлемде коронавирус пандемиясы басталғалы бері елде COVID-19 тіркелген жоқ деуден танбады, бірақ карантин шектеулерін енгізуден бас тартпады. Тұрғындар ресми билік мәлімдемесіне сенбейді. 2021 жылғы қазанда Азатлык дереккөзінің хабарлауынша, Түркіменстанда коронавирустан кем дегенде 25 мың адам қайтыс болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий