Түркіменстанда өтетін президент сайлауына Сердар Бердімұхамедов үміткер ретінде ұсынылды

Түркіменстанда президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердармемлекет басшысы қызметіне үміткер ретінде ұсынылды. Бұл туралы Salamnews_rus хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, осындай шешім Түркіменстанның демократиялық партиясының кезектен тыс құрылтайында қабылданды. Осыған дейін аталған партия атынан Гурбангулы Бердымухамедов үш рет ел президенті болып сайланған.

Түркіменстан президенті 11 ақпанда өткен Халықтық кеңестің кезектен тыс отырысында «жастарға мемлекет басқаруға жол беру керек екенін» айтып, президенттік қызметтен кететінін айтқан. 12 ақпанда елдің Орталық сайлау комиссиясы мерзімнен тыс президент сайлауы өтетінін айтып, оны 12 наурызға белгілеген.

Сердар Бердімұхамедов былтыр қыркүйекте 40-қа толған. Тура бір жыл бұрын Сердардың саяси мансабы бірден өсіп, вице-премьерліктің және елдің маңызды тетіктерінің тізгінін ұстаған.

Гурбангулы Бердімұхамедов президенттік қызметке 2006 жылы сайланған. Оған дейін өлкені Сапармурат Ниязов басқарып келген. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Түркіменстан 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері елде еркін әрі таза сайлау өтпегенін айтып келеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий