Түркіменстанда азаматтарға ақ түсті маска тағып жүру міндеттелді

Түркіменстанның Ашғабад қаласында, Лебап және Балкан облыстарында азаматтарға ақ түсті маска ғана тағып жүру міндеттелді. Бұл туралы Turkmen.news дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ортада түркімен билігі елде коронавирус жоқ деген пікірден тайынған емес.

Лебап облысының әкімшілік орталығы Түркіменабадта шенеуніктер мен оқушылар ақ түсті маска тағып жүруге міндеттелген. 6-18 ақпанда тексеру жүргізіліп, қара түсті маска таққан мұғалімдерге сөгіс жарияланады.

Бұл талап Балкан облысы Түркіменбашы қаласындағы мектеп және балабақшаға де енгізілген.

Ашғабадта былтыр желтоқсан айынан бастап МАИ қызметкерлері жүргізушілерді тоқтатып, ақ түсті маска тағып жүруді талап ете бастаған.

2021 жылы Түркіменстанда мемлекеттік мекемелердің көліктері ақ түсті болуы керек деген жаңа ереже енгізілген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий