Иллюстративное фото
Түркіменстанда бастауыш және орта мектептерге оқушыларды қабылдау жүріп жатыр. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, беделді деген мектептерге балаларын оқыту үшін ата-аналар пара беріп жатыр.
Түркіменабад қаласында арнайы пәндерді, оның ішінде шет тілін тереңдетіп оқытатын мектептер бар. Жағдайы бар ата-аналар балаларын осындай мектепте оқытқысы келеді. Бірақ оған оқыту үшін мектеп басшыларына кемінде 7 мың доллардан 10 мың долларға дейін пара беруі керек екен. Осылай деп тілшіге дереккөз хабарлаған.
Түркіменстан заңына сәйкес, оқушылар жергілікті тіркелген ауданындағы мектепке баруы тиіс.