Түркіменстанда гимназиялар бұдан былай ақылы болмақ

Түркіменстанда арнайы мектептер мен гимназиялар ақылы болады деп жазады Turkmen.news тәуелсіз сайты жаңадан қабылданған білім туралы заңға сүйеніп.

Жаңа заңның 39-бабында қаржыландыру жайында айтылған. Онда мемлекеттік бюджет және оқу ақысы есебінен қаржыландыратыны жазылған.

Ескі заңда білім мекемелерін қаржыландыру 30-бапта көрсетілген. Бірақ онда қаржыландыру көзі жайында айтылмаған.

Осыған дейін білім мекемелері қосымша қаржыны қайырымдылық арқылы және ақылы қызмет көрсету арқылы таба алатын еді.

Ашғабадта бұрынырақ №21 мектеп бірінші рет ақылы мектеп ретінде ашылған. 2020-2021 оқу жылдары бұл мектепке арнайы мамандандырылған деген мәртебе берілген. Бұл мектепте оқу жылының бағасы — 250 манат (71,5 доллар).

Жаңа заңда түркімен азаматтары тегін жоғары білімді тек мемлекеттік оқу орындарынан алатыны жазылған. Бірақ қазір жоғары оқу орындарының бәрі шаруашылық есепке өтіп жатыр.

Жаңа заңда сонымен бірге студенттерге білім алу үшін банктерден несие алуға болатыны көрсетілген. Ескі заңда мұндай бап болмаған.

Жаңадан қабылданған заңда бұдан өзге білім алушылардың тәрбиесі жайында алты бірдей бөлім арнаған: рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, әскери-патриоттық, әлеуметтік, мәдени-тарихи, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2019 жылы Ашғабадта оқушыларға Гурбангулы Бердымұхамедовтің кітаптарын сатып алуға мәжбүрлеген. Ата-аналарға мектепте енді президент кітаптарының көрмесі жиі өтіп тұратынын ескерткен.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий