Иллюстративное фото
Түркіменстанда иесіз иттерді аулап, оларды өлтіру жария түрде жүріп жатыр. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.
Азаттыққа хабарлаған куәгерлердің айтуынша, Түркіменабад қаласының 3-шағын ауданында тұрғындардың көзінше, иттерді улаған. Олардың арасында иесі бар үй жануарлары да болған.
Тұрғындар Азаттыққа видео көріністерді де жіберген.
«Хроника Туркменистана» басылымының хабарлауынша, 6-7 наурызда Түркіменабад қаласында аулада ойнап жүрген балалардың көзінше, 15 иттің көзін жойған.
Былтыр Түркіменстан жануарларға қатыгездік көрсетуге тыйым салатын заң қабылдаған.