Иллюстративное фото
Мары уәлаятының Барамәлі этрапындағы ауылдарда адамдар үй-үйді аралап, есек пен ит етін сатып алатынын айтып жүр. Бұл аймақта жекеменшік үйлерде есек пен ит жиі жоғалатын болды.
Азаттық радиосы түркімен қызметі тілшісінің хабарлауынша, Мерв, Парахат, Түркіменстан және Чыкал ауылдарының тұрғындары осындай жағдайға тап болған.
«Екі ер кісі. Біреуінің жасы 45-50 шамасында, екіншісі 30-35 жаста. Олар есегімді сатып алғысы келетінін, оны бірден бауыздап, етінің әр келісіне 10 манаттан төлейтінін айтты», дейді ауыл тұрғындарының бірі.
Олар өздерін «ит асыраушылармыз» деп таныстырған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, есек сатқысы келмегендерден олар итті сатуын сұраған.
«Олар жетіс жастағы итімнің етінің әрбір келісіне 10 манаттан төлейтінін айтты. Есек пен ит еті не үшін керек деп сұрағанымды, ит асырайтынын, оларға есек етін беретінін айтты. Итке иттің етін бере ма деп сұрағанымда, ит етін Байрамәлідегі түрмеге жіберетінін мойындады. «Олар Жаңа жылды осылай атап өтеді», деп әзілдейді. Мен оларды қуып жібердім», — дейді тағы бір тұрғын.
Түркіменстанда ит пен есек етін базарда және басқа да сауда нүктелерінде сатуға тыйым салынған.
Ауыл тұрғындары полицияға хабарлаған, бірақ олар ауылдарды аралап жүрген адамдар туралы естігенін, бірақ «жоғарыдан әлі бұйрық түспегенін» айтқан.
Тілші мәліметінше, аймақта ит пен есек жиі жоғалатын болды.
Бірнеше тұрғын этрап полициясына есек ұрланғаны туралы арыз жазған. Полициядағылар соңғы уақытта ұрлық көбейгенін мойындаған.