Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 29-30 наурызда Өзбекстанға ресми сапармен барады.
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ердоған Ташкентке Шавкат Мирзияевтің шақыруымен келе жатыр.
«Сапар барысында жоғары мәртебелі қонақ өзбек-түрік Стратегиялық әріптестік кеңесінің екінші отырысына қатысады», — делінген хабарламада.
Екі ел президенті достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, әріптестіктің барлық саласын кеңейту бойынша келіссөз жүргізбек. Бірлескен жобаларға басымдық бермек және халықаралық және аймақтық жағдайлар бойынша пікір алмасып, екіжақты құжатқа қол қойылмақ.