Түркия ресейліктерге елде тұрақты тұруға рұқсат беретін виза беруді тоқтатты

Түркияға туристік мақсатта барып, елде тұрақты тұру құқығын сұраған ресейліктердің өтініші 26 желтоқсаннан бастап кері қайтарыла бастады. Бұл туралы Vpost басылымы хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, Түркияға барып, пәтер жалдау келісімі негізінде елде тұрақты тұру құқығын алуды көздеген ресейліктерге құжат берілмей жатыр. Олардан 10 күн ішінде Түркиядан шығып кетуді талап етіп жатыр.

Заңға сәйкес, ресейліктер Түркияда 60 күн визасыз жүре алады.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, Түркияға барған украиндықтарға отанында соғыс аяқталғанға дейін уақытша тұруға рұқсат беру жалғасып жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий