18 маусымда Түркияның Измир қаласындағы пәтерлердің бірінен төрт түркімен мигрантының денесі табылды. Бұл жөнінде түрік басылымдары жазды.
Ақпаратқа қарағанда, азаптаумен өлтірілген түркімен әйелдің, оның екі қызының және тағы бір түркімен жігіттің денесі мұздатқыштан табылған.
«Ахабер» телеканалы марқұм Гүлкамар Ханымова қыздары Лейла және Лачинмен бірнеше жылдан бері жалға алған пәтерінде тұрып келе жатқанын хабарлады. Стамбұлдағы туыстары олар хабарсыз кеткеннен кейін полицияға хабар берген. Құқық қорғау органдары қызметкерлері олар тұрған пәтерден денесін тапқан.
Түркия басылымдары хабарлағандай, полиция бұл қылмысқа күдікті ретінде түркімен мигрантын 19 маусымда ұстаған. Оған Измир прокуратурасы «Әдейілеп адам өлтіру» бабымен іс қозғап, қамауға алған.