Түркия Украинада «Байрактар» шығаратын зауыт салады

Түріктің Baykar компаниясы Украина жерінде «Байрактар» әскери дронын шығаратын зауыт салады. Бұл жөнінде Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар хабарлады.

Дипломаттың сөзінше, Baykar зауытын салу үшін жер бөлінген.

Жақында Сочиде өткен Ресей мен Түркия президенттерінің кездесуі кезінде түрік лидері Режеп Ердоған Владимир Путин Baykar компаниясымен әріптестік орнатудың жолын іздеп жатыр деп мәлімдеген.

Кейін Baykar компаниясы Ресеймен әріптестік орнату мәселесін мүлдем қарамайды деді.

18 шілдеде CNN телеканалына берген сұқбат кезінде Baykar компаниясының атқарушы директоры Халук Байрактар Украина тұтастығын қолдайтынын, Ресейге ешқашан дрон сатпайтынын жеткізген.

Түрік дрондары 2021 жылдан бастап украин армиясына беріліп келеді. Бұл Мәскеудің ашуын туғызған. Нәтижесінде компания Киевке «Байрактар» сатуды құпияландырды.

Baykar компаниясының иесінің бірі әрі техникалық директор Сельчук Байрактар Режеп Ердоғанның күйеу баласы болып келеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий