Түркиядағы қырғызстандық мигранттар зейнетақы ала бастады

Түркияда қырғызстандық мигранттардың бір бөлігі зейнетақы ала бастады.

Бұл туралы қырғыз парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің отырысында Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Кубанычбек Омуралиев хабарлады. Оның айтуынша, екі елдің үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, жұмыс визасымен 15 жылдан астам жұмыс істеген мигранттар 2021 жылғы наурыздан бастап зейнетақы ала бастады.

Қырғызстан мен Түркия арасындағы бұл құжатқа 2018 жылғы 9 сәуірде Анкарада қол қойылған.

Елші Кубанычбек Омуралиев Түркияда нақты қанша қырғызстандық зейнетақы алатынын айтпады. Елші мәліметі бойынша, Түркияда 25 мыңға жуық қырғыз азаматы жұмыс істейді, бірақ пандемия кезінде олардың саны екі есеге азайған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий