Түркияда ұсталған түркімен белсендісі аштық жариялады

Протест туркменских активистов против туркменского правительства в Нью-Йорке. Сентябрь, 2021

Түркияда ұсталған түркімен белсендісі Ахмет Рахманов Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің саясатына қарсы наразылық ретінде 22 қазанда аштық жариялаған. Бұл туралы Адам құқықтары бойынша Түркімен-Хельсинки қоры хабарлады.

«Халықаралық қауымдастық Түркіменстандағы және шеттегі түркімендердің жағдайына көңіл бұрады деп үміттенемін», — деп мәлімдеді Рахманов аталған қордың қызметкеріне.

Мәліметке қарағанда, Рахманов аштық жариялаған күні оның бұл акциясына депортациялық орталықтағы басқа адамдар да қосылған. Онда қазір құжаттарының мерзімі аяқталған түркіменстандықтар қамауда отыр.

«Орталықтың жетекшілігі айдың соңына дейін қамалғандардың мәселесін шешіп беруге уәде еткеннен кейін көбі тамағын іше бастады. Онда қазір тек Ахмет Рахманов ғана акциясын жалғастырып жатыр. Бүгін төртінші күн»,- деп жазылған қордың мәлімдемесінде.

Рахманов 18 қазанда Анталияда ұсталған. Ол «Түркіменстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының әлеуметтік желілердегі парақшасының үйлестірушісі болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий