Түркияда аштық жариялаған түркімен белсенділері бостандыққа шықты

Түркияда 18 қазанда ұсталған түркімен белсендісі Ахмет Рахманов депортациялық орталықтан шықты. Бұл туралы «Хьюман Райтс Вотч» (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы хабарлады.

Осыған дейін HRW Түркияның миграциялық билігінің түркіменстандық үш белсендісін отанына жөнелтпеуге шақырып, оларға адвокат беріліп, бостандыққа шығу қажет екенін мәлімдеген.

Түрік билігі 18-22 қазан күндері түркіменстандық үш белсенді — Ахмет Рахмановты, Камил Абуловты және Байрам Аллалыевты ұстап, Стамбұлдағы депортациялық орталыққа қамаған.

Олардың ішінде Рахманов Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жүргізіп отырған саясатына қарсы 22 қазанда аштық жариялаған.

HRW енді түрік билігін депортациялық орталықта қалған тағы екі белсендіні босатуға шақырып жатыр.

«Белсенділер Түркіменстанға депортацияланса, олар отанында азапталуы мүмкін. Түркия халықаралық міндеттемелерін орындап, оларды жібермеуі тиіс», — деді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директор орынбасары Рэйчел Денбер.

Былтыр мамыр айынан бері Түркияда, АҚШ-та және Солтүстік Кипрде тұратын түркімен азаматтары авторитарлық президент Гурбангулы Бердімұхамедовке қарсы бірнеше акциялар өткізген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий