Түркияның қорғаныс министрі Душанбеде терроризммен күрес мәселесін көтерді

Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар жұмыс бабымен Тәжікстанға келіп, терроризммен күрес мәселесін тәжік әріптестерімен бірге талқылады.

Түркия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Хулуси Акар Тәжікстанның қорғаныс министрі Шерали Мирзомен кездесіп, онымен екі елдің әскери қарым-қатынасын талқылады. Ол Тәжікстанды Түркияның Орталық Азиядағы маңызды әріптесі деп атады.

Хулуси Акардың мәлімдеуінше, Түркия «қорғаныс, қауіпсіздік және әскери өнеркәсіп мәселелері бойынша әріптестікті арттырып», сонымен бірге шекара қауіпсіздігі, терроризммен күрестәжірибесімен бөліскісі келеді.

Тәжікстанның ресми құрылымдары Акардың сапары туралы бір де бір мәлімет таратрады. Анадолу агенттігінің хабарлауынша, Хулус Акар тәжік билігінің өкілдерімен кездесулерде ФЕТО-мен күрес мәселесін де көтерген.

Анкара ФЕТО ұйымын түрік дін насихаттаушы Фетхуллах Гүленмен байланыстырып, оны 2016 жылғы бүлікті ұйымдастырды деп айыптады. АҚШ-та тұратын Гүлен түрік үкіметінің айыптауларын жоққа шығарып отыр.

Бұның алдында Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акар Қырғызстанда болып, қырғыз билігінің өкілдерімен кездесуде де ФЕТО-мен күрес мәселесін көтерген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий