Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Фотехобод» («Ойбек») тексеру-өткізу бекетінің басшылығы ауысты. Бұл туралы Озоди радиосының дереккөзі хабарлады. Бекет басшысы мен оның екі орынбасары қызметтен алынған.
Шекара бекетінің басшылығы ауысқаны туралы ресми мәлімет жарияланбады. Бұның алдында тұрғындар бекеттегі парақорлыққа шағымданған.
«Шекара бекетінің басшысы қызметіне Боймурод Абдулхамидов тағайындалды. Ол Олим Сатторовтың орнына келді. Абдулхамидов бұған дейін Қырғызстанмен шекарадағы «Гүлістан» бекетін басқарған. Ауыс-түйіс өткен аптада болған. Жаңа басшы мен оның екі орынбасары жұмысқа кірісті», — деді Озоди дереккөзі.
28 шілдеде «Фотехобод» («Ойбек») шекара бекетіне жиналған халық шекарашылардың жұмысына көңілі толмайтындарын айтқан.
Дегенмен қаржы полициясы бекет қызметкерлерінің үстінен арыз түспегенін, сол себепті қызметкерлерді жемқорлыққа қатысы бар деп айыптай алмайтынын мәлімдеген.