Тәртіп сақшылар «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы аясында сабақ өтті

Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының инспекторлары «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында білім ордаларында дәріс өтіп, оқушылардың жол қауіпсіздігі бойынша сауаттарын арттыруға атсалысып жатыр.

Мәселен, Ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Серикбаев №72 мектептің бастауыш сынып оқушыларына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ барысында LED экран арқылы көрнекіліктер пайдаланып, бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережесін егжей-тегжейлі таныстырылды.

«Бала қауіпсіздігі – басты орында. Әрбір баланың мектептен тыс жерде жүргенде жол ережесін сақтау өте маңызды. Осы ретте, оқушыларға көшеде және жолда жүру дағдыларын қатаң сақтап, жол ережесін жіті түсіндірдік. Сонымен қатар, көлік көп өтетін жерде жолды тек белгіленген орындарда және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін ескертіп, жол жүрісі ережелерімен таныстырдық. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қауіпсіздік ережесі бойынша маңызды мағлұматтар алды»,- дейді полиция лейтенанты.

Айта өтетін ақпарат, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жобасы ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде қолға алынған. Аталған іс шара Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы мектеп оқушыларын қатыстыра отырып, түрлі сабақтар өткізу арқылы жүзеге асады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий