«Ислам мемлекеті» содырларының Сириядан Тәжікстанға қайтарыдған әйелдері мен балалары сегіз айдан соң туыстарымен табысты. Наурыздың аяғында олардың бәрі Варзобтағы туристік кешеннен кетті.
2022 жылғы жазда 146 тәжік әйелі мен баласы Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасака ауданында орналасқан Әл-Хол лагерінен еліне оралған. Әйелдер мен балалар Тәжікстанның Варзоб ауданындағы туристік кешенге тоқтаған.
Кешеннің жауапты қызметкерлерінің бірінің хабарлауынша, 20 наурызда 42 әйел мен 104 бала туыстарымен қауышты.
Олармен сегіз ай бойы психологтар, жазушылар және басқа да мамандар жұмыс істейді. Әйелдер мен балалар мамандар қорытындысы негізінде туыстарына қайтарылды.
2019 және 2022 жылдары Тәжікстан билігі Ирак пен Сириядағы тәжік азаматтарын елге қайтарды. 2019 жылғы көктемде Тәжікстанға Ирактан 89 бала оралды. Оларды Варзоб шатқалындағы «Харангон» демалыс үйіне орналастырды. Олардың дені оңалту курсынан соң мектеп-интернаттарға ауысты.
2022 жылғы 25 шілдеде тағы бір соғыс ошағы — Сириядан елге 146 тәжік әйелі мен баласы елге қайтты.
Тәжік билігінің мәліметінше, 2014 жылдан бері шамамен 2 мың тәжік азаматы Сирия мен Иракқа кеткен. Олардың дені соғыста өлген, не түрмеге түскен, не із-түссіз жоғалған. Қазір Сирияның солтүстігінде Әл-Хол және «Родж» лагерлерінде ондаған тәжік әйелі мен баласы отыр.