Тәжік дзюдошысы Әбубәкір Шеров Азия кубогында күміс алды

Тәжік дзюдошысы Әбубәкір Шеров Азия кубогында күміс жүлдеге ие болды. Aktau Asian Open 2022 турнирі 13-14 тамызда Ақтау қаласында өтті.

66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әбубәкір Шеров финалда қазақстандық Сұңғат Жұбатқановқа есе жіберді.

Aktau Asian Open 2022 жарысына Тәжікстаннан сегіз атлет келді, бірақ Шеров қана финалға шықты. Еске салайық, бұның алдында ол мамыр айында Алматыда өткен турнирде алтын алған.

Ақтау қаласында Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Гонконг және Моңғолиядан 200-ге жуық атлет қатысты.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий