Тәжік шенеунігінің өз-өзіне қол жұмсауға не себеп болғаны әлі белгісіз

Тәжікстанның Пенжикент қаласында жергілікті әкімшілікте жұмыс істеген 59 жастағы қызметкер Асад Мардоновтың өз-өзіне қол жұмсауға не болғаны әлі белгісіз. Оның денесін 11 қаңтарда үйінде асылып тұрған жерден тапқан. Марқұмды сол күні жерлеген.

Туыстарының айтуынша, Асад Мардонов Жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік қызметкерлерімен сөйлескеннен кейін осындай әрекетке барған. Марқұмның туыстары оған қысым жасалған деп есептейді.

Тәжікстан әлеуметтік қорғау және зейнетақы жөніндегі агенттігінің директоры Ділмұрод Давлатзода 7 ақпанда өткен баспасөз конференциясында қарамағында істеген қызметкер «жұмысына ешқандай сын болмаған».

«Құқық қорғау органдарының қорытындысын күтіп отырмыз. Тергеушілер суицид себебін анықтайды. Ол атқарған қызметте ешқандай қаржылай жауапкершілік болмаған», — деп хабарлады Давлатзода.

Бұл уақытта Жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметі былтыр қараша айында Асад Бахромовтың үстінен қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап отыр. Агенттіктегілер Бахромов тергелгенін растады. Қалалық прокуратурадағы дереккөз мәліметінше, марқұмның қалтасында хат болған, алайда онда не жазылғаны әзірге белгісіз.

Асад Мардонов бұның алдында Пенжикенттегі «Агропромда» істеген. Ол — қала төрағасының бұрынғы орынбасары Мухбил Мардоновтың інісі.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий