20 тамызда Тәжікстанның оңтүстігіндегі Куляб қаласының әуежайына Түркияның төрт әскери ұшағы келіп қонды деп хабарлайды Озоди радиосы.
Тәжікстан билігі бұл жайында әлі ресми ақпарат бермеді. Бірақ Озоди радиосының дереккөзінің мәліметінше, жұма күні кешкісін оларды Тәжікстанның Түркиядағы елшісі Эмре Зеки Карагёл күтіп алған.
Дереккөз мәліметінше, ұшақтардағы әскер саны шамамен 30-дан асады. Олардың біразын Ресейдің әскери базасына орналастырған.
НАТО миссиясы аясында Ауғанстанда Түркияның 500 сарбазы болған. Түркия президенті Режеп Ердоған бірер апта бұрын түрік әскері Кабулда әуежай қауіпсіздігін қорғау мақсатында қалады деген.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 20 тамызда 13 мемлекет ауған босқындарын қабылдауға дайын екенін білдірді деп мәлімдеген. Ал ондаған мемлекет босқындарды жеткізу үшін транзит болуға әзір екенін айтқан.
Блинкеннің айтуынша, Бахрейн, Ұлыбритания, Дания, Германия, Италия, Қазақстан, Кувейт, Катар, Тәжікстан, Түркия, БАӘ және Өзбекстан босқындарды үшінші елге жеткізу үшін транзит болуға дайын.