Тәжікстан қорғаныс министрлігі: жастарды әскерге қабылдау науқаны жыл бойы үзілмейді

Тәжікстан қорғаныс министрлігі жастарды әскерге қабылдаудың күзгі жоспары орындалғанын, бірақ әскери комиссариаттар әскер қатарына шақыруын тоқтатпайтынын хабарлады.

Мұндай шешім Тәжікстанның «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» жаңа заңға сәйкес қабылданды. Осыған дейін жастарды әскер қатарына көктемде және күзде ғана шақыратын.

Министрліктің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадализоданың айтуынша, шетелден елге оралған студенттер немесе мигранттар да жыл бойы әскерге шақырту алады.

Тәжікстанда әскерге барғысы келмейтін жастар бір ай әскери қызметте болып, мемлекет қазынасына 420 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (бір АЕК — 64 сомони) құн төлеп, әскери міндетін өтей алады. Әзірге билік қанша адам ақылы қызметке жүгінгенін хабарламады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий