Президенттің Баткен облысындағы өкілі Абдикарим Алимбаев пен Тәжікстанның Соғды облысының жетекшісі Раджаббой Ахмадзоданың кездесуінде қырғыз-тәжік шекарасында әскер санын қысқарту сөз болған.
Тәжік тарабы шекара аймағындағы қауіпсіздікті милицияның бақылауына өткізіп беруді ұсынған.
Екі елдің өкілі 3 желтоқсанда «Кулунду» өткізу бекетінде кездескен. Тараптар қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы оқиғаларды талқылаған.
Кездесу қорытындысы бойынша, шекаралас аймақтың тұрғындарымен түсіндіру жұмысын жүргізу жөнінде келіскен. Бұдан бөлек шекарашыларға, милиция және билік өкілдеріне аймақтағы теріс көріністердің алдын алуға және оны болдырмауға тапсырмалар берілген.