Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының жабылғанына бір жарым жылға жуық уақыт болды. Бірақ екі ел арасындағы сауда айналымы тоқтамаған.
Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млн доллар, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 60 процентке аз.
Тәжікстанның кеден қызметінің басшысы Хуршед Каримзоданың сөзінше, тауар айналымының басым бөлігі — импорт, ол 6,3 млн долларды құрайды.
«Импорт негізінен Қазақстан мен Өзбекстан арқылы жүзеге асып жатыр. Қырғызстаннан көбінде көмір тасиды», — деді ол.
Қазір Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы бес өткізу кеден бекеті жабық тұр. Былтыр көктемде болған шекарадағы қақтығыстан кейін қайта ашылған жоқ. Қырғыз тарабы шекараны бір жақты жапқан.