Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан шекараларының түйісетін жерін анықтап жатыр

25-29 сәуір күндері Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің арасындағы шекара мәселесі талқыланды.

Кездесу Қырғызстанның Баткен қаласында өткен.

«Кездесу барысында үш елдің өкілдері мемлекеттік шекараларының түйісетін жерін анықтау бойынша пікір алмасты. Пікір алмасу өзара түсіністік жағдайында өтті», — деп хабарлады қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі.

Келесі кездесу Тәжікстан аймағында өтетін болады.

Үш ел ортақ шекараға ие. Қырғызстанның Тәжікстанмен шекара арасы 970 шақырымды құрайды. Оның 519-ы белгіленген. Ал Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасы 1314 шақырым.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий