Церемония подписания соглашения между афганской компанией «Брешна» и энергохолдингом «Барки точик». Фото сайта DABS
Ауғанстанның «Брешна» компаниясы мен Тәжікстанның «Барки точик» энергохолдингі 2022 жылы Ауғанстанға электр қуатын жеткізу бойынша келісімге қол қойды.
Ауған компаниясының ресми сайты хабарлағандай, тиісті келісімге компанияның бас директоры Хафиз Мухаммад Амин бастаған делегацияның Тәжікстандағы екі күндік сапары барысында жеткен.
Кездесу қашан және қай жерде болғаны айтылмады. Тәжікстан Ауғанстанға қанша көлемде электр қуатын жеткізетіні де әзірге белгісіз.
«Барки точик» компаниясы ауған тарап пен құрылған келісім бойынша кейін пікір білдіретінін айтты.
Тәжік үкіметі жыл басынан бері 11 айдың ішінде 93,5 миллион долларлық электр энергиясын экспорттады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40,5 миллион долларға көп.
Кабулды тәліптер басып алғаннан кейін тәжік билігі бұл қозғалысты барлық этникалық топтардың, оның ішінде тәжіктердің қатысуымен инклюзивті үкімет құруға шақырған.
«Талибан» өкілдері Тәжікстанды Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауға шақырған.